Back

Кентау жастары салауатты өмір салтын қолдайды

Кентау қалалық білім бөлімінің жылдық жоспарына және бөлім басшысының арнайы бекіткен кестесіне сәйкес 29 қараша күні Қ.Рысбеков атындағы мектеп-интернатың базасында кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің зиянды заттардың пайдалануын алдын алу мақсатында «Есірткі шегудің зияны » тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Семинарға білім бөлімінің тәрбие саласының әдіскері Г.Исмагилова және мектептің тәрбие орынбасарлары қатысты.

Шара барысында мектептің фойесінде «Есірткісіз болашақ» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Мектептің сынып жетекшілері Б.Жолдасбаева Г.Құламова, Н.Ибрагимов, М.Наурызбаева, Ж.Алакөзовалар «Есірткісіз болашақ», «Өмір – сен маған қымбатсың», «Нашақорлық және құқық бұзушылық», «Ғасыр іңдетінен сақтанайық», «Салауаттылық – менің қалауым», «Есірткі ғасыр дерті» тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Тәрбие сағаттарында оқушылар бейнеролик көріп, тақырыптық көріністер көрсетіп жан-жақты талқылады.

Семинар соңында акт залында «Аласапыран» сахналық қойылымы көрсетіліп, оқушылары өз өнерлерін қонақтарға паш етті.

Семинарды тәрбие саласының әдіскері Г.Исмагилова қорытындылап, оқушыларға , мектеп әкімшілігіне бөлім атынан үлкен алғысын білідірді.

 

 

Dalanews.kz