Back

«Елін сүйген Елбасы» әдеби сазды кеш өтті

Кетау қаласына қарасты Жаңа Иқан ауылдық округінің Ибата елді мекенінің мәдениет үйінде 1 – желтоқсан Президент күні қарсаңында «Елін сүйген Елбасы» атты әдеби сазды кеш өтті.

Әдеби сазды кешті ауылдық округі әкімінің орынбасары Т.Абдаев ашып, ауыл тұрғындарын “1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күні” мерекесімен құттықтады.

Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991  жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық  сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы – Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Бұл жаңа мемлекет  қалыптасуының  өтпелі кезеңінде  сенімді  басшыға  өз тағдырын  тапсырған  Қазақстан халқының  жауапты  таңдауы еді. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  салиқалы саясатының арқасында  тәуелсіз Қазақ елі  қалыптасып, тарихымыз  түгенделіп,  тіліміз, дініміз  және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің  ұлттық рәміздері  қабылданды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан халқына берген  антын тұтастай  және толық  орындағанын  көрсетті. Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі сол күні-ақ Қазақ Кеңестік Социалистік  Республикасы деп өзгертті. Елміз бүгінде  бүкіл әлемге  танымал жаңа  атқа ие болды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік  тәуелсіздігі туралы» Қазақстан  РЕспубликасының  заңы 1991 жылғы 16 желтоқсанда  қабылданды. Осы заң негізінде  еліміз өзінің  Тәуелсіздігін жария етті.

Айтулы күннің барша халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше екендігі сөзсіз. Бұл – ғасырлар тоғысында ата-бабалар аңсаған аңсарлы әлем Азаттықтың алауын жағып, Тәуелсіздіктің тұсауын кескен, қазақ жұртын әлемге бейбітсүйгіш ел, толерантты ұлт ретінде танытқан Елбасының таққа отырған, Алаш баласының басына бақ орнаған күн екені шындық.

Осы мереке қарсаңында, біршама ұстаздарымыз ауылдық округі әкімі Садибаев Серік Өмірханұлының құттықтау қағазымен марапатталды.

 

Dalanews.kz