Back

Шардарада Тұңғыш Президенті күні қарсаңында грепплингтен жарыс өтті

Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Грепплингтен UWW “Шардара кубогы – 2018” жасөспірімдер арасындағы ашық біріншілігі өз мәресіне жетті.

Республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған балуандар сайысы өте тартысты болып өтті. Жалпы командалық есепте Шардара – I орын, Шымкент қаласы – II орын, Қызылорда қаласы– III орынды қанжығаларына байлап қайтты.

Грепплинг NO-GI түрінен Жерлестеріміз 29 келідеТұрақбай Данияр – I орын, 32 келіде Құдайберген Рамазан – I орын, 35 келіде Қаратаев Данияр – I орын, 38 келіде Қали Ермақан – I орын, 42 келіде Бөрібек Нұрсұлтан – I орын , 47 келіде Амангелді Сәуірбай – I орын, Тұрақбай Нұрлыбек 51 келіде – I орын , 59 келіде Құрманов Қабыл, – I орын 64 келіде Орынбек Ерболат – I орын, 69 келіде Бердібек Мадияр –I орын, 73 келіде Әкімбай Жеңісбек – I орын, 85 келіде Алпамыс Сапарxан –I орын, +85 келіде Құттымұрат Бату сынды балуандарымыз Жеңіске жетіп, Алтыннан алқа тақты.

Грепплинг GI түрінен бақ сынаған балуандарымыздан 29 келіде Қонай Ерғали – I орын, 32 келіде Құдайберген Рамазан – I орын, 35 келіде Есенбек Нұрсұлтан – I орын, 66 келіде Құлмырза Бексұлтан – I орын, 69 келіде Жұмабай Құрбан –I орын , 73 келіде Сайлаубек Рамазан – I орын, +85 келіде Құттымұрат Батуxан жеңіске жетіп Шардара кубогын жерлестеріміз Шардарада алып қалды.

Барша жеңіске жеткен жерлестерімізді құттықтай келе , жас балуандарымызға алдағы уақыттарда бұданда үлкен жеңістерге жете берулерін тілейміз!

 

Dalanews.kz