Back

Отырар театыры «Диляфрузға 4 күйеу» комедиясын сахналады

Отырар ауданының мәдениет сарайында Отырар халық театры өнерпаздарының драматург Туфан Минулллиннің «Диляфрузға 4 күйеу» комедиялық қойылымын сахналады. Махаббат – ешқашан ескірмейтін, сарқылмайтын мәңгілік тақырып. Көптеген спектакельдердің соңы драмамен тамамдалып жататыны да ақиқат.

Алайда, жергілікті режиссер Нұрлан Жалғасбаев көрермендерді драмалық ойынмен қажытып жібермеу үшін қойылымның комедиялық нұсқасын таңдапты.

Халық театрының актерлары сомдаған комедия желісі бойынша бас қаһарман Диляфруз бір мезетте төрт жігітке бірдей ғашық болады. Ал, қыздың жүрегін жаулаған төрт серінің бірі ұялшақ, бірі тым өзімшіл, ал үшіншісі өзіне жамандық ойламайтын тәкаппар болса, соңғысы ақыл тоқтатқан азамат.

Бұл жағдайдың барлығы Диляфрузды әбден шатастырып, таңдауын қиындатады. Десекте қойлым соңында талай сыннан өткен ару қыз өз таңдауын жасайды.

Өмірдің бірде қатты, бірде тәтті болатыны секілді комедиялық қойлым махаббат тақырыбында болғанына қарамастан қоюшы режиссер мен актерлардың ойлары бір жерден шығып, көрермендерді бірде күлкіге қарық қылса, енді бірде терең ойға батырып, тамаша көңіл-күй сыйлады.

Халық театрының өнерпаздарының көп ізденудің арқасында, өз рөлдерін жан-тәнімен беріле ойнауы, кәсіби театрдың әртістерінен кем түскен жоқ. Көрермендер де көптен бері мұндай тың қойлымдарды сағынып қалса керек, театр актерларының өнерлеріне ұзақ қол соқты.

 

«Dalanews» ақпарат