Back

«7-20-25» бойынша борышын төлей алмаған адам жоқ

7-20-25 бағдарлама арқылы ипотека алғандардың басым көпшілігі айына 100 мың теңгеден кем төлейтін болып шықты.

Мамандар есебінше заем алушылардың 60%-ы ай сайын 100 мың теңгеден кем сома төлейді. Бұл ретте 7-20-25 бағдарламасы бойынша заем алушылардың 6%-ы ғана ең жоғары соманы несиеге алған (Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларында 20 млн. теңге, басқа аймақтарда 12 млн.). Заем алушылардың көпшілігі, ал бұл жалпы портфельдің 37%-ы, 10-нан15 миллион теңгеге дейінгі сомада кредит рәсімдеген.

– Бағдарлама өзінің әлеуметтік бағдарын толықтай растады. Алайда 7-20-25 ең алдымен мерзімділік, төлем қабілеттілік және қайтарым принциптеріне негізделген ипотека екендігін ұмытпауымыз керек. Ол банк алдында өзінің төлем қабілетін дәлелдеген, жұмыс істейтін қазақстандыққа қолжетімді, – деді «Баспана» Ипотекалық ұйымы басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

24 қазан күнгі жағдай бойынша, 7-20-25 бағдарламасы бойынша бірде бір қайтарылмаған қарыз жоқ. Қазақстандықтар  44,5 млрд. теңге сомасына өтініш берген. Банктер оның ішінен сомасы 30 млрд. теңге болатын 2513 өтінімді мақұлдаған.

 

«Баспана» Ипотекалық ұйымы» АҚ Сыртқы байланыстар қызметі

Пікірлер

пікір