Cоңғы жаңалықтар
Back

«7-20-25». Алматы облысында баспана алудың бастапқы жарнасы төмендеді.

Мемлекет Басшысы  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы аясында берілген тапсырмаларын орындау мақсатында Алматы облысы өз тұрғындарына «7-20-25» тұрғын үй сертификаттарын беруді бастайды. Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен  «Баспана» Ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков тиісті Меморандумға қол қойды.

Осылайша, аймақ тұрғындары мамандар 2 млрд. теңге көлемінде әлеуметтік көмек алады.

– Алматы облысының әкімдігіне бастапқы жарнаны азайту бойынша әлеуметтік бастамаларға дер кезінде қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді. Еліміздің қалалары мен облыстарында тұрғындарға «7-20-25» бағдарламасына қатысу үшін тұрғын үй сертификаттарын беру басталып кетті. Мемлекет басшысының тапсырмасын уақтылы орындау ипотекалық бағдарламаға үлкен серпін беретін болады, – деді «Баспана» Ипотекалық ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

Сондай-ақ, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірде «7-20-25» бағдарламасы үшін 500 мың шаршы метр тұрғын үй салынатындығын хабарлады.

Естеріңізде болса, бастапқы тұрғын үй бойынша ұсыныстарды көбейту мақсатында «Баспана» Ипотекалық ұйымыжергілікті атқару органдарына 150 млрд теңге бөлген болатын.