Cоңғы жаңалықтар
Back

Қазақстан екінші алтынына қол жеткізді

Қазақстандық велоспортшы Алексей Луценко Азиада-2018 чемпионы атанды.

Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Алексей Луценко велоспорттан топтық жарыста чемпион атанды. Күмісті жапониялық Фумиюки Беппи, қоланы таиландық Навиту Липхони иеленді.

Луценко 2014 жылғы Азия ойындарында да алтын алған.

23 тамызда академиялық ескек есуде әйелдер арасындағы жекелей жарыста Александра Опачанова, стенда атудан Мария Дмитриенко қола медаль иеленді.

Александра Опачанова – Азия ойындарының күміс жүлдегері. 23 тамыз 2018 жыл

Александра Опачанова– Азия ойындарының күміс жүлдегері. 23 тамыз 2018 жыл

Қазақстан спортшылары Джакартадағы Азия ойындарында 2 алтын, 6 күміс, 15 қоламен жалпы есепте 12-орында келеді. Бұған дейін семсерлесуден Дмитрий Алексанин Азия ойындарының чемпионы атанған.

 

DN ақпарат