Back

Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының жаңа құрамы

Мақтаарал ауданында өткен кеңейтілген аппарат мәжілісінде аудан әкімі Бақыт Асанов жаңадан қалыптастырылған аппарат құрамын аудан активіне таныстырды.

Сонымен, Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың өкімімен тағайындалған аппараттың құрамы:

Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы – аудан әкімінің орынбасары;

Ешанқұлова Алтын Күнтуқызы – аудан әкімінің орынбасары;

Сұлтанханов Сәкен Асылханұлы – аудан әкімінің орынбасары;

Саттаров Нұрбол Жақсылықұлы – аудан әкімінің аппарат басшысы;

Айдарбеков Мұрат Муслимұлы – аудан әкімінің кеңесшісі;

Сәрсенов Мұхтар Кенжетайұлы – аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы;

Тұрымбетов Ерлан Әбдібақыұлы – аудан әкімі аппаратының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің басшысы;

Асабаев Досым Тұрғанбайұлы – аудан әкімі аппаратының әкімшілік және жалпы бөлімінің басшысы;

Мүсірепов Бауыржан Әбдіқадірұлы – аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі және заң бөлімінің басшысы;

Жиын барысында өңір басшысы аудан әкімінің аппаратына тағайындалған басқа да лауазым иелерін атап өтті. Сондай-ақ, аппарат құрамы толық қалыптасқанын айтып, алдағы уақытта жұмысты нақты нәтижелермен көрсету керектігін еске салды.

– Құрметті жиынға қатысушылар! Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты толық жасақталып бітті. Алдағы аптада аудандық дербес бөлім басшылары тағайындалатын болады. Жаңадан тағайындалған қызметкерлерге сәттілік тілей отырып, жұмыстарыңызға зор қарқынмен кірісулеріңізді сұраймын, – деді Бақыт Нәсірханұлы.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі