Back

Камералдық бақылау құқықбұзушылықтың алдын алады

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мемлекеттік сатып алулар саласындағы камералдық бақылау жайында баспасөз мәслихаты өтті.

Жиын барысында Алматы облысының Ішкі бақылау департаменті басшысының орынбасары 2018 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысына тоқталды.

– Жыл басынан бері департамент 25 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу үдерістерін тексеріп, нәтижесінде 897 заңбұзушылықты анықтады. Мұндай заңбұзушылық өз жұмысына салғырттық танытып, жауапкершілікпен қарамау салдарынан орын алды, – дейді Рахманхан Төрегелдиев.

Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу процесі мүмкіндігін қадағалап, құқықбұзушылыққа жол бермеуге септігін тигізеді. Ал автоматтандыру госаудитті қашықтан жүргізуге мүмкіндік береді.

Бұл мемлекеттік сатып алудағы камералдық бақылаудың ерекшелігі болып табылады.

Қазіргі таңда камералдық бақылау толық автоматтандырылған. Тиімділігі де – осы. Себебі мекемелерді, шалғай орналасқан елді мекендерді араламай, үнемі веб-портал арқылы онлайн түрде қадағалап отырудың мүмкіндігі зор.

Айта кету керек, құқықбұзушылықтардың алдын алудың мұндай тәсілі, мемлекеттік сатып алу рәсімін жариялаудан бастап, қорытындылары шығарылғанға дейін тұрақты негізде онлайн тәртібінде жүргізілуінде. Және мемлекеттік аудит объектісіне бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру, салықтық есеп нысандарын дұрыс және анық толтыру тәртібіне үйрету арқылы салық төлеушінің салық мәдениетін көтеру.