Back

Астананың Ботаникалық саябағы керемет демалыс орнына айналуда

Елорданы күнделікті аралау кезінде Әсет Исекешев Қабанбай батыр даңғылы – Түркістан көшесінің және 24, 26 көшелердің бойында орналасқан ботаникалық бақтың саялы аймағындағы құрылыстың барысымен танысты. Жоспар бойынша саясбақтың құрылысын аяқтап жұртышылықтың игілігіне тапсырылу мерзімі – 2018 жылдың шілдесі.

Саябақтың жалпы алаңы мен саябақ аймағы 87 гектарды құрайды. Қазір оның айналасына көптеген тұрғын үйлер салынуда. Болашақта мұнда астаналықтар ғылыми-зерттеу, ағарту жұмыстарымен айналыстын мүмкіндікке ие болады. Ботаникалық бақ туристерді де тартатын орынға айналмақшы.

– Осындай бірегей Ботаникалық саябақты жасаудың идеясы Мемлекет басшысына тиесілі. Ең бастысы, бұл жер қала тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы және спорттық алаңдармен де жабдықталуы тиіс. Бұл кеңістік барлық тұрғындарға қолайлы болуы керек. Осында келушілердің өздерін өте жайлы, қауіпсіз сезінуі маңызды. Міндетті түрде бейнекамералар, стационарлық дәретханалар, спорттық серуендейтін жалғыз аяқ жолдар салынуы керек, – деді қала әкімі.

Ботаникалық саябақта 2 балалар ойын алаңы, 20 тренажер, 2 футбол алаңы, 4 теннис алаңы, 4 волейбол және 2 баскетбол алаңы, 14,2 шақырымдық веложол, 11,8 жүгіру жолы, демалысқа арналған 4 алаң, 8 үлкен жарық және 18 кіші аэродинамикалық фонтан, одан басқа мұнда WI-FI үшін орындықтар орнатылатын болады.

Мұндағы ағаштардың жалпы саны 95 мыңды құрайды. Бүгінге дейін саябақта 2 жылыжай, 45 мың шаршы метр алаңды құрайтын жасанды су қоймасы, жаяу жүргіншілер көпірі, велосипед және жүгіру жолдары салынған. Сонымен қатар шілдеде Абу-Даби плаза кешені мен Ботаникалық саябақпен шектесетін Ақмешіт және Түркістан көшелері аралығында орналасқан Линейный саябағының да бірінші кезектегі құрылысы аяқталып қалған. Қазір саябақтың аумағына ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Соынмен қатар фонтан құрылғысы орнатылған.

Линейный саябағында 2 құрғақ фонтанның құрылысы, екі балалар алаңы, 2,2 шақырымдық велосипед жолы мен скейт алаңын салу жоспарлануда.

Әсет Исекешев бірнеше тұрғын үйлердің жанында орналасқан Линейный саябағының орналасу маңыздылығын да атап өтті. Әкімнің айтуынша, саябақ отбасылық демалысқа арналған танымал орынға айналады.

Жалпы 2018 жылы Астана қаласы бойынша 386 мың ағаш отырғызылды, оның 208 мыңы елорданың «Жасыл белдеуіне», тағы 178 мыңы саябақтар мен гүлзарларға отырғызылған. Өткен жылы отырғызылған ағаштар саны 312 мыңды құрады.