Back

«100 оқулық» сапалы білім алуға негіз болады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы үлкен қолдауға ие. Бұл бағдарламасы жастарымыздың болашағы үшін іске асырылғандықтан, мұндай мәні зор іске бәріміз қолдау білдіруіміз керек.

Елбасының «Рухани жаңғыру» жобасы аясында қолға алынған жұмыстары ауқымды да,  маңыз да жоғары. Өйткені «100 жаңа оқулық» жобасының жас ұрпаққа білім беру ісіндегі рөлі зор.

Қазақ жастары жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім алуға тиіс.  «Рухани жаңғыру» бағдарламасында елміздің еңбек нарығында жоғары білікті гуманитарлық сала мамандарының аса қажет екенін баса айтылды. Сана модернизациясы гуманитарлық білімге тікелей байланысты болғандықтан тарих пен саясаттану, әлеуметтану мен философия, психология, антропология, мәдениеттану, филология және педагогика ғылымдары бойынша студенттерге заманға лайық білім беру үшін барлық жағдайды жасау қажет. Осы міндетті жоғары деңгейде іске асыруға «Жаңа гуманитарлық білім – қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы кеңінен жола ашады деп есептеймін.

Сондай-ақ, Елбасының ғылымды қазақша сөйлетуге мұрындық болуы маңызды бағыт екені анық. Осы тұрғыда берілген мүмкіндіктер мен тілді игеру арқылы басқа ұлттың мәдениетімен, таным-түсінігімен, ұлттық ерекшелігімен таныса аламыз.

Өзге ұлттардың мәдениетін білмеген сәтте түрлі қақтығыстар орын алуы мүмкін. Сондықтан бірнеше халықтың мәдениетін тіл арқылы салыстыра отырып, дінін, дүниетанымын, мәдениетін түсінудің маңызы зор.

Бұл оқулықтар – өзге ұлт өкілдерімен жұмыс жасайтын әлеуметтанушылар, дипломаттар, экономистер үшін таптырмас құрал болмақ. Сонымен қатар оқулықтар ғалымдар мен білім алушыларды ғылыми ақпараттармен қамтып, ғылым тілі көкжиегінің кеңеюіне жол ашары сөзсіз. Ең бастысы оқырмандардың ақпаратты қазақ тілінде алуына мүмкіндік беріп, қазақтың ғылыми тілінің дамуына үлес қосатыны бізді қуантады.

Жаңа оқулықтар алдағы уақытта жастардың жүйелі білім алуына негіз болады. Жобаны жүзеге асыру жас мамандарды даярлауда жаңа сапалық кезеңге шығуға мүмкіндік береді. Жаңа оқулықтар бойынша білім алатын студенттеріміз білім саласындағы жаћандық бәсекелерге төтеп беретіндігіне сенімдімін.

Сәуле АНУАР, Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің Халықаралық қатынас және қытай тілін оқыту  жөніндегі директордың орынбасары, PhD доктор

Пікірлер

пікір