Back

Цифрландыру жетістіктері

Бүгінде Алматы қаласындағы емхана қызметкерлері жоғары жылдамдықты интернетті пайдаланып, қызметкерлердің компьютерлік сауаттылығын  жоғарылату бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

2018 жылдың қаңтарынан бастап кешенді медициналық ақпараттық жүйе  жұмысын бастады. Осы жүйенің арқасында  халықты жергілікті тіркеу реестріндегі электронды денсаулық паспорттарын толтыру, дәрігердің қабылдауына тіркелу, емханаға тіркелу, уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын алу ісі жолға қойылды. Сонымен қатар жедел жәрдем және стационар активтерін беру, ауруханаға жатқызу, қайтыс болған, операция жасалған адамдардың есебі, электрондық флюротека электрондық жүйеге өтіп, мамандардың жұмысы айтарлықтай жеңілдетті.

Осылайша цифрландру жұмыстары (мобильді қосымшалар, бағдарламалар) пациенттерге бастапқы байланыс деңгейінде медициналық көмекке қол жеткізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ халықтың денсаулығын бақылап отыратын мүмкіндік туғызып отыр.

Маржан АРШИМОВА, №1 қалалық емхана, терапия бөлімінің меңгерушісі.