Back

Шығыста тасқыннан зардап шеккен халық үйлеріне қайта бастады

Шығыс Қазақстан облысының тасқын судан зардап шеккен Өскемен, Аягөз, Глубокое, Шемонаиха және Катон-Қарағай аудандарындағы жағдай тұрақтанып, тұрғындары үйлерені қайта бастады. Әкімдік, коммуналдық қызмет және еркітілердің күшімен жолдар тазартылып, аулалар реттелген. Қазіргі таңда арнайы комиссия су тасқынынан келген шығынды есептеп, тұрғын үйлерді қалыпқа келтіру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Осы ретте Аягөз ауданында тасқан судан баспанасынан айырылған 16 отбасы, Катон-Қарағай аудандағы 4 отбасы билік өкілдерінен жаңа ұйдің кілтін алғанын айта кетуіміз керек.

Жалпы, наурыз айынан бері орын алған су тасқыны салдарынан Шығыс Қазақстан облысы аумағында 1371 үйді су басқан. Бүгінде Бұқтырма өзенінің суы 1,5 метрге көтеріліп, Зырян ауданында 308 үй қызыл судың құрсауында қалып тұр. Облыстың төтенше жағдай қызметі бір ай бойына облыс бойынша 1371 адам су тасқынан құтқарып, қауіпсіз жерген көшіргені белегілі. Ал 2 сәуірдегі жағдай бойынша 1914 адам тұрғылықты жеріне қайта оралған.

Апат шығынын анықтап жатқан комиссияның алдын ала тартқан мәліметі бойынша өңірде су тасқынының салдарынан 83 үй тұруға жарамсыз болып қалған. Олардың – 7-і Өскемен қаласының, 35-і Аягөз, 21-і Глубокое, 16-ы Шемонаиха және 4-і Катон-Қарағай ауданының еншісіне тиіп отыр.

Өңірде су тасқынының зардабын жою үшін 407 арнайы техника, төтенше жағдайлар қызметі, Ұлттық гвардия, әкімдік, коммуналдық қызмет өкілдері жұмылдырылған. Осы ретте тасқын суды ауыздықтауға облыс бойынша 3100 еркіті де өз үлесін қосқанын айта кетуіміз керек.

Облыстық әкімдіктің резервтік қорынан су тасқынының салдарын жоюға 689,2 млн. теңге қарастыруда. Бүгінде оның 195 млн. теңгесі игеріліліп үлгерді. Бөлінген қаржының 80 млн. теңгесі Аягөзге, 40 млн. теңгесі  Шемонаихаға, 75 млн. теңгесі  Глубокое ауданына бағытталған.

Ал облыстағы “Парыз” қорынан тасқанан зардап шеккендерге баспана сатып алу үшін 150 млн. теңге бөлініпті. Сонымен қатар тасқынан зардап шеккен аудандарда «Шемонаиха Болашақ», «Наш город Зыряновск», «Даму», «Аягөз Болашақ», «Асыл» деп аталатын қайырымдылық қорлары құрылып, қаржылай көмектер түсе бастаған. Сонымен қатар қаржылай-материалдық көмек Астана қаласы, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарынан бағытталғанын да айта кетуіміз керек.

 

Даниал Ахметов: «Тасқын кезінде мәслихат депутаттары халық арасында болуы керек»