Back

Бесқарағай ауданында жаңа сауықтыру кешені бой көтереді

ШҚО Бесқарағай ауданында ауқымды «Қожагелді» емдеу-сауықтыру кешені мен киіз үй типтегі «Жаңа ауыл» қалашығының құрылысы басталды. Жобаның құны 800 млн. теңгеге бағаланған.  Бүгінге дейін жобаны іске асыру 550 млн. теңге салынғанын айта кетуіміз керек. Бұл жайында ШҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде Бесқарағай ауданының әкімі Дәулет Батырбаев айтты, – деп хабарлайды dalanews.kz ақпараттық порталы.

Әкімнің айтуынша «Қожагелді» емдеу-сауықтыру кешені екі қабаттан тұрады. Сауықтыру кешені бір мезігілде 250 туристі қабылдайтын мүмкіндікке ие. Сонымен қатар кешен жанынан 22 орынды котедж, 220 адамға арналған асхана да салынады.

Кешен іске қосылған сәтте демалушылар пантованна, шипалы балшық және қымыз арқылы ем қабылдау мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар сауықтыру кешенінде фитобөшкелер мен массаж жасайтын кабинеттер де демалушыларға қызмет көрсететін болады.

– Кешен бір күнде 200 адамды қабылдап, бір мезгілде 300-ге жуық адамды тамақтандырады. Бұл жоба аясында жаңдан 80 тұрақты жұмыс орыны ашылмақшы. Семейден бар болғаны 7-8 шақырым қашықтықта бой көтеретін нысанға келушілердің қарасы көп болады деп үміттенудеміз, – деді аудан әкімі.

Журналистермен жүздесуде Бесқарағай ауданының әкімі алдағы уақытта Шошқакөл аумағында жағажай туризмін дамыту ісін де қолға алып жатқандарын алға тартты.