Back

ШҚО-да “Қазақстанның діни ағымдары” мобильді қосымшасы іске қосылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың цифрландыру бастамасына орай Шығыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының қолдауымен “Қазақстанның діни ағымдары” деп аталтын мобильді қосымша пайда болды, – деп хабарлайды dalanews.kz ақпараттық порталы.

Жаңадан дайындалған моблильді қосымша ел азаматтарына Қазақстандағы діни ағымдар жайында мол мағұлмат беретінімен ерекшеленеді. Қосымшаны кез келген адам Play Market және Appstore жүйелерінен смартфондарына жүктеп алуына болады.

Мобильді қосымша кез келген адамды экстримистік бағыттағы діни ұйымдардың үгіт-насихатынан қорғайтын жүйе болып тұр. Басқарма мамандар замнауи технологиялардың көмегімен ел азаматтарын жат діннің жетегіне кетпеуін қамтамасыз ететінін алға тартуда. Мұндай мобильді қосымшалардың халыққа берері көп.

 

Шығыста «Ақпараттық технологиялар орталығы» құрылды