Back

Медицина саласын цифрландыру – қағазбастылықтан құтақырады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында елімізді цифрландыру ісіне баса мән бергені белгілі. Денсаулық сақтау саласының қызметін цифрландыру саланың жұмысының жандануына септесетіні айтпаса да түсінікті. Бұл бағыттағы жұмыстар Шығыс Қазақстан облысында қызу қолға алынып жатыр.

Медицина саласын цифрландыру – қағазбастылықтан құтақырып, жұмыс сапасын арттыра түседі.

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы цифрландыру жұмыстарын қарқынды жүргізу үшін биыл 3 мыңнан астам компьютер мен 2 мыңға жуық принтер сатып алуды көздеп отыр. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 985,87 млн. теңге қарастырылған.

Ойға алған іс толықтай іске асқан жағдайда Шығыс Қазақстандағы медициналық мекемелерді компьютерлік техникалармен жабдықтау 100 пайызға орындалатын болады. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 61%-ға тең.

Облыста денсаулық сақтау саласын цифрландыру жұмыстарының аясында  түрлі мобильді қосымшаларды дайындау, тұрғындардың денсаулығы туралы электронды төлқұжат жүйесін енгізу ісі де қатар жүргізілмекші.

 

Шығыста «Ақпараттық технологиялар орталығы» құрылды