Back

Ангела Меркель төртінші рет немістерді басқаратын болды

Бундестаг Германияның канцлеріне Ангела Меркельді төртінші мәрте сайлады.

«Христиандық-демократиялық одақ партиясының көшбасшысы Ангела Меркель көпшіліктің басым дауысына ие болды», – деді бундестаг басшысы Вольфганг Шойбле.

Дауыс беруге 692 депутат қатысты, оның 364-і Меркельге дауыс берген. Меркельдің кандидатурасын ел президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мақұлдап, дауыс беруден соң қызметке бекітті. Салтанатты шара президент резиденциясында – Берлиндегі Бельвю сарайында өтті.

 

Меркель: «Диктаторлар өз халқынан қорқады»