Back

Димаш Қытай оқушыларына арналған тестке енді

Қытайда мектеп оқулығындағы тестте Димаш Құдайбергенге қатысты сұрақтар пайда болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Instagram желісінде zhongxindeying атты қолданушы жазды. Жазбадан түсінетініміз, кітап Қытайдағы ағылшын тілі пәнінің оқулығы.

Ондағы бір тапсырмада қазақстандық әнші Димаш Құдайберген туралы мағлұмат берілген: “Бұл жігіттің кім екенін білесің бе? Бірнеше ай бұрын оны ешкім танымайтын. Бірақ қазір Қытайда оның жанкүйері көп. Оның аты Димаш Құдайберген. Димаш, 24 жаста, Қазақстан Республикасынан келген…”.

Сонымен қатар, мәтін астында бірнеше сұрақ бар.  Еске сала кетейік, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы I Am a Singer музыкалық байқауына қатысқаннан кейін бұл елде танымал болды. Кейін Қытайда екі мәрте жылдың ең танымал әншісі атанды.