Back

Ерлан Арын “Рухани жаңғыру” институтына директор болды

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі “Рухани жаңғыру” институтының директоры болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның тағайындалғаны жөнінде университет сайтында жарияланды. ЖОО мәліметінше, Ерлан Арын 2018 жылы 2 наурызда Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің белорус-қазақ мәдени-танымдық орталығының ашылуына қатысқан. Орталық екі жоғарғы оқу орындарының одақтастығының аясында ашылған.

Осы орталық “Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асырумен айналысады. Оның басты мақсаты – ҚР мен БР жоғарғы оқу орынарының халықаралық байланысы, өзара түсіністік деңгейін арттыру және мәдени шаралар барысында белорус және қазақстандық студенттердің достығын нығайту.

 

Ерлан Арын қайда жүр?