Back

Сайрам ауданының өндірістік-экономикалық мүмкіндігін тиімді пайдалану қажет

Бұлай деп Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев айтқан болатын. Шынымен де Сайрам ауданы өзінің әлеуметтік-экономикалық потенциалын тиімді пайдаланып отыр ма? Осы мәселеге көз жүгірткенді жөн көрдік.

Өткен жылы Түркістан облысы Сайрам ауданында 58,9 млрд.теңгенің ауыл шаруашылық өнімі өндірілген екен. Сондай-ақ, 8,1 гектар жерге жылыжай салынып, тамшылатып суғару әдісі 111 гектар жерге ендірілді. Нәтижесінде өсімдік шаруашылығындағы өнім көлемі 26,4 млрд. теңгені құраған.

Аудан әкімі Бақтияр Мамаевтың айтуынша, 2017 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 280 бас ірі қара мал, «Алтын асық» бағдарламасымен 200 бас уақ аналық мал және 7 бас асыл тұқымды қошқар сатып алынса, «Құлан» бағдарламасы арқылы 32 бас жылқы алынып, аудандық көрсеткіштер жоспары толық орындалған.

– Ауданда 34 кооператив құрылып, кооперативтердің жалпы саны 45-ке жетті. Жалпы ауданда 103 бірлік 10-15 бастық шағын мал бордақылау алаңдары мен 41 жанұялық сүт аулалары ашылды. Өңірдегі 887 мал бордақылау алаңдарында бір мезетте 31 мың бас мал бордақылануда. Нәтижесінде мал шаруашылығында 32,5 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, 2016 жылмен салыстырғанда 9,7 пайызға артып отыр, – деді бұл ретте Бақтияр Мамаев.

Айта кетейік, аудан еңбеккерлері былтырғы жылы облыста сүт өндіруден I орын, көкөніс өндіруден II, ет, мақсары өндіру мен тамшылатып суғару әдісін ендіруден III орындарға қол жеткізген болатын. Аудан биылғы жылы алдыңғы қатардан көрінді.

 

 

 

 

 

Пікірлер

пікір