Back

Алматы облысында 2017 жылы 750,5 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі шығарылды

Алматы облысы аграрлық аймақ бола отырып, өзінің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға ден қойып келеді. Мәселен, 2017 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 750,5 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 102,9 %, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне қарағанда, аталған мерзімде өнеркәсіп өндірісіндегі өңдеу саласының үлесі 84,7 %-ға жеткен, ал өңдеу негізінде шығарылған өнім 636 млрд. теңгені құрады.

2017 жылы облыста 65 жаңа өнеркәсіп орны ашылып, жұмыс істеп тұрған 30 нысан кеңейтілді, соның негізінде қосымша 1 800 жаңа жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар өткен жылы облысқа 527,3 млрд. теңге инвестиция тартылғанын да атап өту керек.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі