Back

Мақпал Жүнісова: «Мен үшін Төрешті кешіріңіздер!»

Қазақтың сүйіктісіне айналған Мақпал Жүнісова Қуандық Рахымның концерті кезінде барша халықтың алдында Төреғали үшін кешірім сұрады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Қуандық Рахымның кешіне қонақ болып келген Мақпал Жүнісова ел алдында Төреғалидің Павлодардағы әрекеті үшін кешірім сұрады.

– Төрешті кешіріңіздер. Сағы сынбасын. Ерке баламыз ғой біздің. Енді қайталанбайды. Өнерде сүріну деген аяқ астынан. Кеше ғана Төрешіміз солай сүрініп кетті. Мен де талай сүрінгенмін. Мен үшін ұлдарыңызды кешіріңіздер! Халық кешірімді. Енді қайталамасын деп жатырмын. Жаңа ғана маған келіп, Төреғалиді жақтаңызшы деп жатыр. Төреш қиналып жатқанда, мен неге сүйеп жібермеймін? – деген әнші Төреғали үшін иіліп кешірім сұрады.