Back

«Жыл үздігі – 2017» байқауы басталды

Бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында  «Жыл үздігі – 2017» облыстық жастар премиясы» байқауы жарияланды. Баспасөз мәслихатқа БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының у.м.а. Данияр Құлжанов пен облыстық «Болашақ» корпоративтік қорының директоры Салтанат Тұманбаева қатысты.

Аталмыш шара жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, дарынды жастарды анықтау мен жас буын өкілдерінің азаматтық белсенділігін арттыру мақсатында 2008 жылдан бері дәстүрлі өткізіліп келеді. Биыл байқау  11 негізгі – «Үздік жас көшбасшы», «Үздік студент», «Үздік жас ұстаз», «Үздік жас ғалым», «Үздік жас өнерпаз», «Үздік жас дәрігер», «Үздік жас спортшы», «Үздік жас журналист», «Үздік жас маман», «Үздік кәсіпкер», «Үздік оқушы», 2 арнайы – «Қайсарлығы мен батылдығы үшін», «Жыл жаңалығы» аталымдарынан тұрады.

Спикерлер құжаттар а.ж. 20-шы қарашасына дейін облыстық «Болашақ» қауымдастығы кеңсесінде (Достық-Дружба көшесі, үй № 179) қабылданатынын хабарлады.