Back

Амандық Баталов ардагерлерді қабылдады

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов Ардагерлер ұйымының 30 жылдығына орай өңір ардагерлері үшін салтанатты қабылдау өткізді. Кездесуде облыс басшысы мен қариялар пікір алмасып, кеңінен әңгімелесті, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ардагерлерге алдымен облыстың 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндаған облыс басшысы алдағы жоспарлар жайында да айтып өтті.

– Біз өткен 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын жасадық. Көрсеткіштеріміз жаман емес. Өңірде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алдымызға қойған міндеттері негізінде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жақын күндері Ақсу қант зауытын іске қосамыз. Бүгінгі күні зауыт қызылшаны өңдеуге қабылдап жатыр. Жаңғырту жасалған Көксу қант зауыты да қазір толыққанды жұмыс істеп тұр. Оған соңғы 3 жылда инвесторлар 3 млрд. теңгеге жуық қаржы құйды. Маусымаралық кезеңде оған қоса Қарабұлақ қант зауыты да жұмыс жасаса, облыста тұрақты қант кластері құрылып, халықты қантпен қаматамасыз етуге ықпал етер еді, – деді А. Баталов.

Облыс басшысы мұнан соң шекаралық аймақтардың жағдайына, «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» бағдарламаларының орындалу барысына да тоқталып өтті. А. Баталов мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы балаларды балабақшамен қамту деңгейі жыл соңына дейін 95%-ға жететінін де айтты. Сол сияқты халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамтуға, облыстық маңыздағы, ауылішілік жолдарға да  да көңіл бөлініп отырғаны тілге тиек етілді.

Өз кезегінде ардагерлер облыс дамуы, соның ішінде Ақсу қант зауытының іске қосылуы ерекше қуантқанына атап өтті.

– Ауданымыздың тұрғындары 10 жылдан бері тоқтап тұрған Ақсу қант зауытының қайта іске кіріскеніне аса қуанышты. Бұл – үлкен жетістік, – деді Ақсу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Айтбаев.

«Дала аруы» атанған жүгері дақылын өсірудің ілгерілеуіне Социалистік Еңбек Ері Құрметті азаматы, Алматы облысының Күләш Айтжанова ризашылығын білдірді.

– Жүгері – қашаннан облысымыздың басым бағыттағы дақылдарының бірі. Қазір зауытымыз толыққанды жұмыс істеп тұр. Енді тұқымның гибридімен, өзіміздің тұқымдық қорымызды қалыптастыруға жұмыс істеуіміз керек, – деп атап өтті К.Айтжанова.

Айтылған ұсыныс-пікірлерге ризашылығын білдірген облыс басшысы алдағы уақытта тұқым шаруашылығын дамытуға бағытталған арнайы зертхана ашылатынын айтты. Бұл бағытта қазір жұмыстар жүріп жатыр.

«Тақиялы періште – 2» фильмінің Талдықорғанда тұсаукесерін өткізу туралы айтқан Мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің ұсынысыәкім тарапынан қолдау тапты.

Кездесу соңында ардагерлер облыстың дамуына және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға, жас ұрпақты тәрбиелеуге өз үлестерін қосатындықтарын жеткізді.

Мұнан соң Амандық Баталов ардагерлермен бірге облыстың Құрметті азаматы, қоғам қайраткері Бәтима Сақауованың үйіне барып, ұйымның 30 жылдығымен құттықтап қайтты.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер

пікір