Back

Жаңа әліпби – Ұлы мақсатқа бастайды

Жаңа әліпби –Ұлы мақсатқа бастайды

Алматы  облыстық «Тіл» оқыту-әдістемелік орталығының оқытушысы Жанар  Елесбаева жаңадан қабылданған әліпбиге қатысты пікірін бөлісті. Білікті маман Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың латын әліпбиінің жаңа нұсқасуына қол қоюын еліміз үшін тарихи шешім екенні алға тартты.   

Санадағы  сансыз сауалға  нүкте  қойылды.  Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Елбасы  Нұрсұлтан  Әібішұлы  Назарбаев  Жарлыққа  қол  қойып, еліміз ресми түрде жаңа бетбұрыс кезеңіне  өтті. Бұл – еліміз үшін  тарихи  сәт, тарихи  шешім.  Әліпби  ауыстыру – жай ғана таңба ауыстыру емес. Бұл   санамызды  жаңғырта  отырып, жаңаша өмір сүруге талпыныс. Ендеше, балаларымыздың  болашағы үшін осындай шешім  қабылдағанына  қуаныштымын. Латын  әліпбиіне көшу арқылы әлеммен бірлесе түсеміз, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай тумақ.  Сан ғасыр бойы армандап келген өзіміздің төл жазуымызды  жаңғырта отырып,  еліміздегі әр азаматтың  мемлекеттік тілді жетік меңгеруіне жағдай жасауымыз қажет. Себебі, тіліміз еркін түрде дамыған жағдайда ғана еліміздің тәуелсіздігі  өз  тұғырында болмақ. Латын әліпбиін қабылдау осы ұлы мақсат жолындағы басты  қадам  деп  білемін.