Back

Моңғолия қазағы министр атануы мүмкін

Моңғолияның жаңадан жасақталған Үкіметінің министрлер кабинетіне Баян-Өлгий аймағынан Парламентке сайланған депутат Бәделхан Қабдісіләмұлы енуі мүмкін. Бұл туралы kaznews.mn ақпараттық порталы хабарлады.

Дереккөз мәліметінше Бәделхан Қабдісіләмұлы жаңа жасақталған Үкіметке Құрылыс және қала құрылысы министрі лауазымына тағайындалмақ.

– Моңғолия қазақтарынан 21 жыл бұрын Инфрақұрылым министрі лауазымын Сандалхан Раздықұлы атқарған болатын. Бұдан кейін вице-министр лауазымына бірнеше саясаткерлер тағайындал5анымен, министр лауазымы ешбір қазаққа бұйырған-ды. Бәделхан Қабдісіләмұлы бұған дейін Баян-Өлгей аймағының әкімі, Парламент мүшесі, өнеркәсіп вице-министрі лауазымдарын атқарып келген, – деп жазады ақпараттық портал.

Моңғолияда 7 қыркүйекте шақырылған кезекті сессия отырысында премьер-министр Ж.Эрдэнэбат  (Ердінбат) отставкаға кетіп, 4 қазанда  (Күрелсүк) Моңғолияның Премьер-министрі болып тағайындалған.

Дереккөзі: Қазақпарат

 

Президенттің мұндай кішпейілдігін кім көрген?