Back

Қырғыз билігіне ескерту…

Қырғыз манаптарының қолтығына су бүркіп xан Кененің басын алғызған ақ патшаның әрекетін Путин қайталағысы келе ме?

Бірақ енді қырғызға бас берер қазақ жоқ. Кененің басын алған қырғыздардың да басы қазақтың қанжығасына ілінген.

Ер Қаптағайдың ұрпағы Тәнеке батыр бастаған қазақтар xанға қастандық жасаған қырғыз манаптарының ауылын шауып, басын алып қырғызбен есеп айырысқан. Малы аралас, қойы қоралас екі елдің арасына енді ешкім от тастамай-ақ қойсын. От тастағанның өзі отқа оранады.

Бұл жазба “Қылыш алып кіргеннің басы қалған” деген Атамбаевтың сөзіне арнап отырмын. Айтпағым, Кенесарының басын алғандардың басын қазақ алып сол кезде-ақ есептескенін ескерту.

Тұрдыбек Құрметхан