Back

Шенділер бізді кеңкелес санай ма?

Елбасы төрт ай бұрын, “Рухани жаңғыру” бағдарламасы жариялады. Мен сол бағдарламаны шынайы қолдаймын. Елдің болашағы осы бағдарламаға байланысты. Ол жөнінде жазып жүрмін. Өйткені, ол бағдарламаның негізгі өзегі ұлттық – рухани код.

Өткенсіз болашақ жоқ. Салт-дәстүр, қазақтың мәдениеті Қазақстан мемлекеті болашағының мəйегі. Өте дұрыс! Ал мәдениеттің жүрегі – тіл. Қазақ тілі! Біздің министрлер сол, қасиетті ана тілімізді қосымша дүние деп есептейді. Мəйек емес, өзек емес, қосымша.

Сөзінің басын қазақша бастап, ары қарай ұра береді. Басқа тілде. “Рухани жаңғырудың ” миссиясын бұлар түйсіне алмай жүр. Т.Сүлейменов деген министр, Д.Ақышев деген Ұлттық банктің басшысы “алты айда қазақша сайраймыз” деп уәде еді. Сегіз ай болды, тосып жүрмін. Əлі жоқ.

Бұлар бізді “ұмытшақ” ауыруы бар кеңкелес деп ойлайтын шығар. “Сенім” деген ең негізгі категория. Шенді жігіттер осыны түсінеме екен. Өте қарапайым формула. Айттың, сөзіңді жүзеге асыр. Болды. Тіл туралы айттыңба, үйрен. Рухани кодтың негізі тіл. Қазақ тілі. Осы тілді меңгермесек, сенім жойылады. Жаңғырту Ана тілін жаңғыртудан басталмақ. Аксиома…

Ерлан Сайров, саясаттанушы.

(Жазба Фейсбуктағы парақшасынан алынды)