Back

Ырғызбай ата кесенесін абаттандыруға 200 млн. теңге бөлінбек

Тарбағатай ауданында орналасқан Ырғызбай Досханаұлының кесенесі туристік нысанға айналмақ. Кесенеге келушілердің саны жылдан жылға артып келе жатқандықтан, аудан басшылығы оларға қолайлы жағдай жасамақ.  

Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Тарбағатай ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев мәлімдегендей, биылғы жылдан бастап инфрақұрылымды дамыту барысы толықтай қолға алынған.

–  Егер келуші туристердің есептесек, жылына кесенеге 5 мыңға жауық туристер келеді. Оның көбісі Ресейден келетін демалушылар. Туристік мекен болғандықтан, ол жерге электр, су желілерін тартып, абаттандырып, келушілерге қолайлы жағдай жасауымыз қажет, – деді Ділдәбек Оразбаев.

Кесененің абаттандырулың өзіне-ақ 200 млн. теңге қаражат бөлінбек. Жоба бойынша кесенеге апаратын жол күрделі жөндеуден өтіп, кесене маңына гүлдер отырғызылып, ішіне субұрқақ орнатылмақ. Биыл басталатын жоба келесі жылға дейін созылмақ.

Айтып өтсек, Ырғызбай ата кесенесі Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылының солтүстік-батысында орналасқан. Аңыз бойынша Ырғызбай Досханаұлы шөптермен түрлі дерттерді емдеп, сынықшы болған.

 

ШҚО әкімі баспасөз қызметі

 

Шығыс Қазақстан әкімдігі Алакөл жағалауын абаттандыру үшін жарты миллиард теңге бөлмек