Back

ШҚО мен Австрияның Жасыл жүрек аймағының басшылары әріптестік орнатты

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы және Австрия Республикасының Штирия Федералды мекенімен әріптестік туралы мәлімдемеге қол қойылды.

Австрия Республикасының делегация мүшелерімен кездесу барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов аймақтын өндіріс, ғылым және ауылшаруашылық потенциалы туралы баян етті. Мануэла Ком өз қатарында Қазақстан туралы әсерімен бөлісуге асықты:

– «ЭКСПО-2017»  көрмесін аралап, Сіздердің мемлекеттеріңіз көрмеде ұсынған өнімдеріне таң қалып, шабыттанғанымызды жасырмаймыз, – деп атап өтті Мануэла Ком, – Осы мекенге келгенімізге мақтан тұтамыз. Жасыл өсімдіктер мен су қоймаларының көп болғандықтан Штирия жерін Автрияның Жасыл жүрегі деп атайды. Біздің аймақтар ортақ сипатқа ие, сол себепті осы өлкемен байланыс орнатуға қызығушылығым зор.

Екі жақты әріптестік туралы мәлімдемеге қол қойылғаннан кейін облыс әкімі Шығыс Қазақстан үшін ерекше қызығушылық танытатын жұмыс саласын атап өтті:

– Біздің дәрігерлер Англияның үздің клиникаларында білім алатын болады. Сіздің мемлекетіңізде де білім алғандарын қалаймыз – деді Даниал Ахметов – Ең алдымен бұл онкология мен ерте жастағы баларды емдейтін мамандар. Сонымен қатар, металургияда маңызды ғылыми жұмыстарды атқарып, атом саласында мамандарды дайындаудамыз. Сол себепті екі мемлекеттің университеттерінің байланысы өте маңызды. Сіздерден өндірістің жаңа әдістерін үлкен ынтамен үйренуге болады, – деді облыс басшысы.

Ағымдағы жылдың 4 айдың ішінде Шығыс Қазақстан облысының Австриямен сыртқы сауда айналымы екі млн. долларға жетті. Негізінде тентал мен содан өндірілетін материалдар экпортталады. Біздің мемлкетке кірпіш, катализатор, дискілер, ауыршарушылық машина мен қара металлдан өндірілген өнімдер кіргізілуде.

 

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі