Back

Рамазан айында төсек қатынасына түсуге бола ма?

 

Рамазан айында ауыз берік болған мезгілде ғана төсек қатынасына түсуге рұқсат жоқ. Ал, кешке ауызашар уақытынан кейін төсек қатынасына түсуге рұқсат. Бұл жайында Жаратушы Иеміз Алла Тағала былай дейді: «Оразаның түнінде əйелдеріңе жақындасу сендер үшін рұқсат етілді. Олар сендерге, сендер оларға киімсіңдер…»[9].

Ауыз берік бола тұра күндіз бұл әрекетке әдейі барған жандар рамазаннан кейін 60 күн үзбей кәфарат қазасын өтеуі тиіс.