Back

Намазы жоқтың оразасы қабыл ма?

 

Намаз оқымайтын кісі, рамазан айында ораза ұстаса, ұстаған оразасының сауабын алады. Алайда, намаз оқымай жүргені үшін де үлкен күнәға батады[22]. Өйткені, намаз мұсылмандығымыздың белгісі.  Ардақты Пайғамбарымыз бұл жайында: «Шындығында, мұсылман мен кәпір және мүшриктердің  ара жігін айырар белгі  – намаз оқу[23]», – дейді. Сондықтан да,  оразамен қатар намазға да бастағаны жөн.