Back

Бұл бір сұмдық болды ғой…

Бүгін Жаманқұловтың ісіне қатысты кезекті сот отырысы өтуі тиіс-тұғын. Алайда актердің жүрек талмасы ұстап қалғандықтан, сот кейінге шегерілген.

Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында журналист Сәуле Әбединова жазды.

“Бүгін Тұңғышбай Жаманқұловтың ісіне қатысты сот процесі жалғасуы керек еді… Жаңарақта “ағайды жедел жәрдеммен кардиология бөліміне алып кетті, жағдайы күрт төмендеп кетті…” деген хабар жетті. Сот процесі болмайтын шығар деп, жұмысқа қайттым. Бұл бір сұмдық болды ғой. Артының қайырын берсін!” – дейді Сәуле Әбединова.

Бұдан сырт ол әйгілі актердің басына іс түскенде түк білмегендей үнсіз жатқан өнердегі әріптестеріне өкпесін айтыпты.

“Республикада 50-ден астам театр бар, демек, ағайдың мыңдаған әріптестері бар деген сөз. Бірақ бәрі тым-тырыс сияқты. Тірімісіңдер?” – деп жазды журналист.