Back

Димашқа еркіндік беріңдер!

Әрине, Елбасының ел тарихындағы орнын ешкім жоққа шығармайды. Бірақ, Қазақстанның барлық табыстары мен жетістіктерін Назарбаевтың атымен байланыстырып, соған тели беру қаншалықты қисынды? 

Одан қалды таланттарды саясатқа тарту, олардың атын пайдалану, партияның атына мадақ айтқызып, пафосты мәлімделер жасату демократиялық дамудың жолына түскен Қазақстан үшін ұят іс.

Саясаткер Мұхтар Тайжан осы туралы айтыпты.

“Нұр Отанға” және оның идеологтарына айтарым – Димашқа тимеңдерші. Димашты саясиландырмаңдаршы. Димашты саяси ойындарыңа араластырып, партияға өтуге, партияның атына ода айтуға, партияны насихаттауға мәжбүрлемеңдер. Ерік беріңдер оған. Еркіндік беріңдер. 

Димаш талантын ұштасын, талабын шыңдасың. Саясатпен емес, өнермен айналыссын. Димашқа, мұндай қажетсіз, керексіз жүк артпаңдар. Тым болмаса Димашты, Димаштың талантын таза күйінде сақтайық”

деп жазыпты Тайжан әлеуметтік желідегі парақшасында.