Back

Димаш Қытайдың танымал сайтына қазақша сұхбат берді (видео, толық нұсқа)

Қытайдың «Singer 2017» байқауына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың бір күнде бір миллиардтан астам көрермен тамашалайтын Sina сайтына қазақша сұхбат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш тілшінің барлық сұрақтарына жауап беріп, байқаудағы өнер көрсетуі, жолыққан қиындықтары және қытай тілін қалай үйренгені туралы сыр шертті.

Сондай-ақ, өзін Қытай еліне ғана емес, барша әлемге танытқан «Singer» жобасына, қолдау көрсеткен қытайлық әншілерге және барша жанкүйерлеріне алғысын білдірді. Айта кетерлігі, Sina сайтының Sina Weibo (твиттердің баламасы) әлеуметтік желісіне жүктелген видеоны төрт сағатта 1 миллион 800 мың адам көрген.