Back

Sayasat.org: “Құл-Мұхаммед Маңғыстауға әкім болып келуі мүмкін”

Ертең Қазақстандағы бірқатар облыстардың әкімдері ауысады. Бұл туралы “Саясат” сайтына сенімді дереккөз хабарлаған екен. 

Ертең Маңғыстау облысының әкімін ауыстыруы мүмкін. Айдарбаевтың орнына “Нұр Отан” партиясының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедті әкеледі. Сонымен қатар Қарағанды және Ақмола облыстарының әкімдері ауысады деп күтілуде.

Дереккөздің берген ақпарына қарағанда Көкшетауды басқарып отырған Сергей Кулагиннің орнына Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Қумар Ақсақалов келеді.

Ал Қарағанды облысын басқару Премьер министр кеңсесінің басшысы Ерлан Қошановқа сеніп тапсырылмақ. Сонымен бірге басқа да өңірлердің әкімдері орындарын босатып қалуы әбден мүмкін.

Пікірлер

пікір