Cоңғы жаңалықтар
Back

Айгүл Иманбаеваның әртіс жігіттен көңілі қалыпты

Бір рет тұрмыста болған актриса алғашқы қателігінен үлкен сабақ алған. Сондықтан Айгүл Иманбаева өнер азаматтарына жігіт ретінде қарай алмайды.

Бұл туралы ол КТК арнасының “Инсталайық” бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Иә, аузы күйген үрлеп ішеді. Алғашқы некесі сәтсіз аяқталғандықтан, Иманбаеваның әртіс жігіттерден көңілі қалған. Сондықтан да ол болашақ жарының басқа саладан болғанын қалайды.

– Әртіс жігіттер, ренжімеңіздер. Бәрін өзімнің інім, бауырым, досым ретінде жақсы көремін, бірақ жігіт ретінде емес. Ешқайсысын, кешіріңіздер. Білмеймін, ұнамайды маған. Егер жар ретінде таңдайтын болсам, Құдай сақтасын шықпас едім. Бастан өтті ғой, – деп ағынан жарылды ол.

Оның бұл пікіріне әнші Өмірқұл Айниязов та қосылды.

– Эстрададағы қыздардың бірде-бірін әйелім ретінде көре алмаймын, – дейді ол.

 

Дереккөзі: stan.kz