Back

“Назад в СССР”. Жезқазған қазақтың жері емес пе еді?

Біз қай елде өмір сүреміз? Біздің үндеместігіміздің ақыры неге алып келуі мүмкін? 

“Назад в СССР” немесе “КСРО-ға қайта оралу”. Жезқазғандағы “Кислород” атты түнгі клуб дәл осындай атаумен би кешін өткізбек екен (суретте). Ертең…

Көріп, қайран қалдық! Қайдағы КСРО? Қызыл империяның күллі көкке ұшқаны қашан? Би кешін қойшы. Өткізсін.

Бірақ, мына атауы несі? Анығында, бұл атау емес, ұран! Қып-қызыл насихат, ашық арандату. 

Естуімізше, “Назад в СССР” деген жынойнақты өткізгелі отырған “Кислород” клубының қожайыны Жезқазғандағы қалалық мәслихаттың депутаты екен. Клубтың орнында бір кездері “Қазақстан” кинотеатры орналасқан. Халық қалауымен таңдалған депутат мұны көрмеді, білмеді десек ешкім сенбес, сірә. Көріп те, біліп те отыр. Ендеше неге үндемейді? 

Одан бұрын бұл жерге кімдер жиналмақ? КСРО-ға қайта оралуды көксейтіндер ме? Үй ішінен үй тігудің белгісі емес пе бұл? Бәрі де мүмкін…

Думан Бықай