Back

Сағадиев: “Сарым? Тайжан? Мен оларды танымаймын”

Бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Айдос Сарым мен Мұхтар Тайжанның «отставкаға кету» бойынша ұсынысына қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Бұл адамдардың (Сарым, Тайжан-ред.) осындай ұсынысына байланысты айтарым, мен оларды танымаймын. «Отставкаға кету» бойынша арыздары болса, мен жауап беруге дайынмын. Бірақ менің ойымша, олар (Сарым, Тайжан) бұндай мәселені (Үкімет алдында-ред.) көтере алмайды»,-деді Ерлан Сағадиев.

Еске сала кетелік, «Қазақ тілі», «Қазақ əдебиеті», «Қазақ тарихы», «Лингвистика», «Шығыстану» сынды мамандықтарды жоғары оқу орындарынан қысқартып тастауы, қазақ баласын Әліппеден айыру сынды білім саласындағы былықтардың бетін ашып, мәселе көтерген қоғам белсенділері Айдос Сарым мен Мұхтар Тайжан мұның барлығы ұлтқа қарсы жасалған диверсия деп бағалаған болатын. Сөйте келе олар министрдің отставкаға кетуін талап еткен болатын.