Cоңғы жаңалықтар
Back

Назарбаев: “Иманғали өзі сұранды” (видео)

Назарбаев Тасмағамбетовтың жаңа қызметіне қатысты пікірін білдірді. 

Назарбаевтың айтуынша, Иманғали Нұрғалиұлы Ресейге баруға өзі құлық танытқан.

“Ұзақ жыл жанымда тізе қосып жұмыс істеген Иманғалиді Қазақстанның Ресейдегі елшісі етіп тағайындадым. Өзінің өтініші болды. Өз басым, бұл дұрыс шешім деп санаймын. Мәскеу біздің негізгі әріптесі, көрші, одақтас. Ол жақта саяси салмағы бар, Қазақстан мен Ресейдегі жағдайды жақсы білетін адам отыруы керек. Бәрі елдің мүддесі үшін” деді Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент Үкіметтің былтырғы жылғы жұмысына оң баға берді.

Жиын барысында Назарбаев “Бәйтерек” холдингіне қатысты тергеу жүріп жатқанын айтты. Бұл ретте ол Ұлттық экономика және Денсаулық сақтау министрлігіне келген жаңа басшыларға бағасын берді.

Видео 365info.kz сайтынан алынды.