Back

Көлгінов көлікті сатып алмапты, жалға алыпты

Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Жарқын Жумадилов өзінің әлеуемттік желідегі парақшасында облыс әкімі Алтай Көлгіновтың қызметтік көлігіне қатысты шыққан ақпаратқа түсініктеме берді.

– Әкімнің қызметтік көлігі үшін бюджеттен қаржы бөлінбеді. Яғни, жаңа көлік сатып алынған жоқ. Осы уақытқа дейін болған «Мерседес» көлігінің жалға алу уақыты 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған болатын. Жаңа жылдан бастап, «Ауди» А8 көлігін жалға алынғаны рас. Аренда ай сайын 50 мың теңге. Егер күмəн болса арнайы сауал жолдауларыңызға болады.

Бұл көлік 2015 жылы шыққан, яғни салоннан алынған су жаңа автомашина емес. Таратылған ақпаратта осы көліктің ең озық үлгісінің салондағы бағасы көрсетілген. Қайталап айтамын 56 млн. теңге бюджеттен қаржы бөлінген жоқ. Оған да сауал жолдауға болады. Сондықтан, аталған көлік түрінің салондағы бағасын алға тартып, болмаған істі болғандай етіп, ақпаратты бұрмаламауларыңызды сұраймын», – деп әкімнің баспасөз хатшысы түсініктеме берді.