Back

Универсиаданың алғашқы медальі қоржынымызға түсті

Алматыда өтіп жатқан Универсиада ойындарында Қазақстан шаңғышысы Анна Шевченко үшінші орынға табан тіреді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

5 шақырымға созылған классикалық стильдегі шаңғы жарысында бастапқы жүлделі екі орынды ресейлік спортшылар жеңіп алды. Атап айтқанда, алтын медаль Лилия Васильева, ал күміс Анна Нечаеваға  бұйырды. Қола медаль Қазақстан  шаңғышысы Анна Шевченконың еншісінде.

Айта кетерлігі, Аннадан бөлек еліміздің атынан бұл жарысқа тағы 5 шаңғышы қатысқан болатын. Шаңғы жарысы. Қыздар арасында. 5 шақырым. Классикалық стиль

  1. Лилия Васильева (Ресей) – 14:08.6
  2. Анна Нечаевская (Ресей) – +13.3
  3. Анна Шевченко (Қазақстан) – +15.2
  4. Ирина Быкова (Қазақстан) – +58.8
  5. Ольга Мандрика (Қазақстан) – +1:02.6
  6. Анна Стоян (Қазақстан) – +1:06.9
  7. Ангелина Шурыга (Қазақстан) – +1:15.3
  8. Анжелика Тарасова (Казахстан) – +2:07.4.