Back

Сауда ойын-сауық орындарында қазақ әні неге қойылмайды?

Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан сауда-ойын орталықтары секілді қоғамдық орындарда тек шетелдік және ресейлік әндердің қойылуына байланысты алаңдаушылық білдіріп, қазақ музыкасы туралы заң қабылдауды ұсынды, – деп хабарлайды baistars.kz сайты.

Бұл туралы ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. “Астана қаласының билігіне бір сұрағым бар: қоғамдық орындарда қазақ музыкасы неге жоқ? Келушілердің 80-90%-ы қазақтар, бірде-бір қазақ әні жоқ!”- делінген Мұхтар Тайжанның жазбасында.

Қоғам қайраткерінің айтуынша, қазақ эстрадасына көз жұма қарап, тек ресейлік немесе шетелдік әндерді қою халықты зомбиге айналдыру екен.

“Мен барлық қоғамдық орындарда, супермаркеттерде, молдарда, кинотеатрларда, шаңғы, коньки тебетін жерлерде, стадиондарда қазақ музыкасы, қазақ эстрадасы кем дегенде 80% уақытты алуы үшін заң қабылдауды ұсынамын. Әсет Исекешев, аталған мәселеге назар аударуыңызды сұраймын!”, – дейді Мұхтар Тайжан.