Back

Тәжин елге оралды

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне Марат Тәжин тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалы, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылсын»,-делінген Жарлықтың мәтінінде.

Айта кетелік, алдында Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағлан Асаубайұлы Майлыбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылған болатын.

Марат Тәжин әр жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары — ішкі саясат басқармасының бастығы, ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР Сыртқы істер министрі, ҚР Мемлекеттік хатшысы сынды үнемі жоғары лауазымды қызметтерді атқарып келді.