Back

Алдағы жылы Ақтөбе облысында 7 мың жер телімі халыққа таратылмақ

Ақтөбе қаласында инвентаризация қолға алынып, жерге кезек реттелді. Иесіз бос жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды. Электронды база жасақталған.

Ал Елбасы бекіткен жаңа «Нұрлы жер» бағдарламасы тұрғындардың баспана мәселесін оңтайлы шешуге сеп болмақ. 10 шақты жыл бұрын кезекке тұрғандарға көптен күткен жер беріле бастады. Жыл басынан 2 мыңға жуық ақтөбелік 10 сотықтан жер алған. Кезекте тұрған 105 мыңға тарта адамның тізімі қайта жасалып, 3 мыңға азайды. Қазір қосымша 3500 жер учаскесін беру реті қарастырылуда. Бұл жұмыстар қаланың бас жоспары бекітілмегендіктен, уақытша тоқтатылған. Енді 2017 жылы 7 мың учаске беру жоспарлануда.

«Инвентаризация жасағанның арқасында бос игерілмеген учаскелерді қайтып алып, қайтадан кезекте тұрғандарға берілді. Соның арқасында қазіргі күннің өзінде 1800-дей жер учаскесі берілді. Ол бағдарлама қордаланған мәселелерді шешіп, нақты жер кодексіндегі азаматтардың 10 сотық жер алуына көптеген көмек береді деп ойлаймыз. Сол жұмысты біз әрі қарай жалғастырамыз», – дейді қала әкімі Ислам Испанов.

 

Дереккөзі: baq.kz