Back

Даниал Ахметов «Патшалар жазығында» шыныдан саркофаг салуды қолдады

Шығыс Қазақстан облысындағы Берел қорымында қазба жұмыстарын жүргізген археологтардың б.з.д. IV ғасыр соңына жататын бірегей жәдігерлер табылған №2 қорым үстіне шыныдан саркофаг салу туралы ұсынысы өңір билігінен қолдау тапты.

dalanews danial_ahmetov02«Патшалар жазығындағы» (Катонқарағай ауданы, Берел) археологиялық қазба жұмыстары жүрген орынға Ә.Марғұлан атындағы археология Институтының бас ғылыми қызметкері, прфессор З.Самашевтың жетекшілігімен облыс әкімі Даниал Ахметов болды. Ғалым аймақ басшысына сенсациялық жәдігерлер туралы айтып берді деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.

 

dalanews danial_ahmetov01

Жаңадан ашылған жәдігердің мәні мынадай: биылғы жазда далалық зерттеу барысында б.з.д. IV ғасырдың соңына тиесілі ер адам мен құрбандыққа шалынған жеті жылқының қалдықтары табылды. Ер адам ағаш колоннаның ішіне салынған, оның қалдықтары әлі зерттелмеді. Барлық жылқы скифтік аң стилінде әшекейленген. Жеті жылқының біреуі мініс жылқысы болғанға ұқсайды: оның әшекейлері алтыннан жасалған және мәйітке жақын орналасқан.  Жылқы әшекейлеріндегі бір ерекшелік, ежелгі көшпелі халық мәдениетінде сирек кездесетін әтеш образында жасалған. Және үлкен саз балшықтан жасалған құмыра табылған.

Зейнолла Самашевтың айтуынша, қорғанды зерттеу әрі қарай жалғасады және өзге де жәдігерлер табылып қалуы мүмкін.

Аймақ басшысы археологтардың №2 қорым үстіне келушілердің бірегей археологиялық құндылықтарды жақыннан көруіне мүмкіндік беретін шыны саркофаг салу туралы ұсынысын қолдады.

Жақын күндері қыркүйек айының басына дейін саркофаг құрылысы үшін 40 миллион теңге көлемінде ақша бөлінеді.

 

dalanews danial_ahmetov03Дереккөзі: inform.kz