Back

Ахмадиев пен Байбосынов Астанаға оралды

Беларусь алаяқтық және тонаушылықпен айналысты деп күдіктелінетін екі қазақстандықты Астанаға жөнелткен.

Қазақстанның Бас прокуратурасы Владимир Ахмадиев пен Әлібек Байбосынов бүгін түнде Астанаға жеткізілгенін мәлімдеді. Оларды тергеу изоляторына орналастырған.

Екеуі “Алматы құрылыс-монтаж кәсіпорны” компаниясының басшылығында болып, 310,7 миллион теңге (шамамен 910 мың доллар) бюджет ақшасын жымқырған деп айыпталады.

Бас прокуратураның мәліметіне сәйкес, Байбосынов 2014 жылы желтоқсан айында Беларуссияда өзге адамның денсаулығына ауыр зиян келтірді деген айыппен сотталған. Ол қалған жазасын Қазақстан абақтысында өтейді дейді Бас прокуратының баспасөз қызметі.