Back

Үміт Шаяхметова Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрамына кірді

Астана қаласында ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер «Атамекен» Палатасының III Съезінде дауыс беру қорытындысы бойынша Төраға және басқарма мүшелерінің өкілеттік мерзімі екі жылға ұзартылды.

Сондай-ақ, 2016 жылы аккредиттеу-қауымдастықтың (одақтардың)  өткізілуіне байланысты ҰКП Презедиум Комитеттері және олардың төрағаларының жаңа құрамы бекітілді.

«Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова қаржы секторы ҰКП Комитетінің Төрағасы болып сайланып, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрамына кірді.

«Dalanews» ақпарат