Back

Мұхтар Тайжан: “Азаматтарымызды қудалау тоқтатылсын”

Жер реформасы жөнiндегi комиссияның кезекті отырысында қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан жердің сатылуы мен жалға беруіне қарсы наразылық танытып, алаңға шыққан азаматтарға қатысты ой-пікірін білдірді. 

“Өкінішке орай комиссияның әр отырысында мен Жер-анамызды қорғаймыз деп қудаланған азаматтар туралы айтуға мәжбүрмін. Әзір 15 күнге қамалған азаматтардың алды шыға бастады. Алайда билік Макс Боқаев, Жанат Есентаев, Талғат Аян секілді азаматтарымыздың үстінен қылмыстық іс қозғады. Тағы да қайталап айтамын, азаматтарымызды қудалау тоқтатылсын!”, – деді Мұхтар Тайжан.

Дереккөз: Қамшы порталы