Back

Мені Министр неге шақырды?

Бірде мені Астанада Министр шақырды. Мен бір керемет жобалар ұсынар деп ойладым, бірақ ол маған: «Әзімбай, Олжасқа тиіспеші» деді. «Оны қазақ жек көрсе, мен қалай араша боламын» дедім де құр қол қайттым.

Шалағай саясаттанушы не қазақша, не ағылшынша білмейтін, аудиторияда тыңдаушыны өзіне қарата алмайтын мамандар көп. Президент әкімшілігінде қызмет ететін жігіттер көптеген шала өнім дайындап, президентіміздің абыройын бірнеше мәрте төкті. Олар алдымен Ұлттық доктринаны ойлап шығарды. Аты тәуір болса да, ол доктрина – шала дайындалған ілім болып шықты. Кейін — қазақстандық ұлт. Сөйтіп қазақ ұлтын жоя жаздады. Қазақ деген ұлт болмаса, қазақ тілі қайдан болады. Латыншаға өтпек болды. Өзбекстан, Түркменстан  жасай алмаған реформаларды жасамақ болды. Ең соңғы ізденістер нәтижесінде, «Үш тұғырлы тіл» жүзеге асырмақ екен. Бұлар паллиативтік реформаларды ұсынады — нағыз реформа жасамау үшін жалған реформа жасамақ. Нұреке, сіз қалай олардың кәсіби шалалығына төзесіз? Соншама жұмыс уақытын сарп еткендерге қандай шара қолданбақсыз? Олар аналитикалық талдауды формальды түрде ғана жүргізді. Сансыз саясаттанушылар, әлеуметтанушылар мен тарихшылар ғылыми әлемде мүлде белгісіз. Оларға диссертация қорғатқан біздің әріптестеріміз. Енді бастық болған жаңа кандидаттар мен докторлар борышты болып қалды, әйтпесе ғалым сымақ шалдар оларға жұмсақ қазақи шантаж жасайды. Енді олар олардың мәңгі бақи сол университеттерде істеуінің кепілі. Кепіл бола алмаса «жұмсақ қазақи шантаж» жасайды.

Социологтарды аузыма алғым келмейді. Олардың кінәсінен сіз объективті ақпарат ала алмай келесіз. Өңкей орысшыл бірдеме. Бұл істі бір аршысаңыз көзіңіз жетеді. Бір қазақтың лауазымды ғалым сымағы шет елге баяндама жасауға кетіп бара жатып, шет елдік кеденде өзінің не еркексің бе, әйелсің бе деген анкетаның сұрағына жауап бере алмай шетелдік кеденшілерді қатты күлдірген. Ондай ғалымдар шет елде туалет таба алмай масқара болады. Мен шала ғалымдармен қызметтес болдым, олармен бірге жұмыс істеуге тура келген. Солардың біразы қызметтен жоғарылады. Жақында болған әлеуметтік дүрдараздықты біздің сансыз саясаттанушыларымыз  болжап та, түсіндіріп те берген жоқ. Біз өткен дағдарыстан президенттің интуициасы мен икемділігі арқылы шықтық. Қоғамдық ғылымдар зерттеушіге ғылыми жүйемен, схемалармен  верификация жасауға үйретеді. Бірақ ғылыми эерттеу  жалпы танымның бір нақты жолы. Басқа бір жол интуитивтік таным. Ол жалпы парасат, сезімталдық  пен ғылыми деректерге сүйенеді. Сондықтан қоғамдық пәндер білгірлері емес саяси жағдайды суретшілер, саясатшылар, жазушылар  түйсіктері адекватты бағалады.

Red Team — тәуелсіз ғалымдар тобы белгілі қоғамды қызықтыратын мәселелерді қарастыру керек, дәстүрлі ғылыми тоаптардан уықытша тағайындаған аранайы топ пәрменді болар. Олардың өз ойларын шектеусіз жәриялауға құқығы болады. Бізге керегі сол — «Қызыл жасақ».

Қазаққа не керек?

1) Фермелерге жерге жеке меншік керек, 100 теңге төлеу керек, фермер жерді тігіп кредит алады;

2) Жерсіздерге үй салатын жер керек, ол жер латифундистерден тартып алынады, 100 теңге төлеу керек, үй салушы банкіден кредит алып үй салады;

3)Қазақша сөйлемейтін 4-5 министр мен Мәсімов кету керек — мемлекетік тілді қағажу қылған үшін.

Тек үйсіздерге жер және несие беру керек деп отыр билік. Биліктің оған көнгені жақсы белгі. Әлеуметтік ымыра деген осы. Бәрі де бейбіт жолмен шешілсін.

Бізде азаматтық қоғамның нышаны көрінді, қадірін білейік. Сонда не сұрайық: фермерлерге жеке меншікке жер сатылсын-жүз теңгеге, қала түбіне қоныстанам деушілерге латифундистерден конфискацияланған жерді жүз теңгеге сатсын. ЭКСПО болсын — ол прогресс. Ағылшын тілі болсын — ол прогресс, орыс тілі есебінен, ол тілді біз жақсы білеміз.

Құрметті Президент, мен кадр саясатына араласпайын, онсыз да сізге: ананы ал, мынаны қой деушілер көп шығар. Бірақ кадрлардың сапасы туралы айтайын, өзіңіз біліңіз оңы мен терісін.

Құрметті Президент Президент әкімшілігіндегі топастардан құтыл, олар сіздің түбіңізге жетеді. Бүгінгі күні негізгі саясаттанушылық және әлеуметтанушылық объект және саяси субъект ол- қазақтар. Сондықтан қазаққа бет бұру керек.

Құрметпен, Әзімбайың.

Әзімбай Ғали, саясаттанушы